НАТО бас хатшысы еш жарияламастан Ауғанстанға келді

Күні: 16:32, 06-11-2014.

Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ – НАТО бас хатшысы Йенс Солтенберг альянс әскерлерін осы елден әкететін кезде еш жарияламастан Ауғанстанға келді, деп хабарлады Ауған телеграф агенттігінен (АуТАГ).
Бұл Солтенбергтің 1 қазанда Солтүстік атлантикалық альянс бас хатшылығына тағайындалғалы Ауғанстанға алғашқы сапары. Ол осы сапары барысында Кабулдың батыс жағындағы ауған коммандостарының дайындалатын НАТО жаттығу лагеріне барды.
Сондай-ақ Солтенберг ауған жауынгерлерінің алдында сөз сөйлеп, НАТО бапкерлері мен кеңесшілері альянс күштері елден биыл әкетілген соң да көмектесе беретінін мәлім етті.
Еске салсақ, НАТО мен АҚШ-тың негізгі күштері Ауғанстаннан әкетілген соң батыс альянсының 12 мыңдай әскери қызметкерлері осы елде қалады.


Жаңалықтармен бөлісу: