НАТО-ның француздық контингенті Тәжкстанды тастап шықты

Күні: 13:29, 30-10-2014.

Алматы. 30 қазан. ҚазТАГ – НАТО-ның француздық контингенті Тәжкстанды тастап шықты, деп хабарлады Тәжік телеграф агенттігі (Тәжік ТА).  
«12 жылдан бері Тәжікстанның астанасы – Душанбе халықаралық әуежайының аумағында орналасқан Францияның 170 жауынгері мен офицерлерінен тұратын бір топ әскери қызметкерлері Душанбені тастап шықты», - деді Душанбе халықаралық әуежай баспасөз хатшысы Махмадюсуф Шодиев.
Оның айтуынша, француздардың әскерлері қосымша бөлімше ретінде ДХӘ аумағына 2001 жылы қыркүйекте Ауғанстандағы шараларға жұмылдырылған НАТО әскерлерінің контингенті құрамында орналастырылған.
М. Шодиев атап кеткендей, бұдан бұрын әуежайдан француз әскерлерінің барлық техникасы мен жабдықтары әкетілген.


Жаңалықтармен бөлісу: