Астана. 13 наурыз. ҚазТАГ – Наурыз мейрамы қарсаңында Астана мен Павлодар арасында қосымша жолаушылар пойызы жолға шығады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Жолаушылары тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, келесі бағытта қосымша пойыздар жүреді: №7510 Астана-1-Павлодар бағытындағы пойыз 19, 20, 21, 25 наурыз күндері бір бағытта қатынайды; Сол секілді №7502 Астана-1-Павлодар бағытындағы пойыз 25 наурыз күні бір бағытта қатынайды; №7509 Павлодар-Астана-1 бағытындағы пойыз 20 наурыз күні бір бағытта қатынайды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Сонымен бірге, мереке күндері жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша (2019 жылдың 19-26 наурызы күндері) жолаушылар пойызына қосымша 220 тіркеме тіркеу жоспарланған.
Еске салсақ, бұған дейін алдағы көктем мерекелері қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша біржолғы пойыздарды іске қосатыны хабарланған еді.
«№202/201 Астана-1-Павлодар, Астана-1 ден 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады; №204/203 Астана-1-Алматы-1, Астана-1 ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1 ден 21, 25 наурыз күндері; №205/206 Алматы-2-Арыс-1, Алматы-2 ден 7, 21 наурыз күндері, ал Арыс-1 –ден 9, 23 наурыз күндері; №241/242 Қызылорда-Атырау, Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан 21, 23, 25 күндері кері бағытта жүреді» - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Наурыз мейрамы қарсаңында Астана мен Павлодар арасында қосымша жолаушылар пойызы жолға шығады
