Наурызда Астанада ұсталған журналист кеше тағы да полицияға түскен, оған іс көшірмесін қорғаушысынсыз бермей отыр

Күні: 15:16, 01-04-2019.

Астана. 1 сәуір. ҚазТАГ – Наурызда Астанада ұсталған журналист 31 наурызда тағы да полицияға түскен, оған іс көшірмесін бермей жатыр, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Біз іс көшірмесін береміз, тек қорғаушысынан ресми сауал түскеннен кейін ғана», - деп мәлімдеді «Шапағат» базарының учаскелік полициясы Құдайберген Арынов жексенбіде әлеуметтік желіде Глушкованың парақшасындағы тікелей эфирде.
Журналист Астананың халықаралық әуежайының ішкі ұшырылымының бірінші терминалында отыр. Оның айтуынша, оны сол күні ұсталуына байланысты әкімшілік істі қарау үшін сотқа апармақ.
«Бір студенттің арызы бойынша Шапағат жанында ұсталуыма байанысты. Ол мені ұрды деп арызданыпты-мыс. (Астана поициясы департаментінің –ҚазТАГ) басшысының орынбасары Бақытжан Майлыбаев мені ұстау туралы бұйрық берген», - деді Глушкованың өзі.
Кадрда жоғары лауазымды полицейлер көрінген. Журналистке түсірілім жасауға тыйым салып жатыр. Полицейлер түсірілім жасауға тыйым салынған-мыс деуде.
«Іспен танысыңыз, іспен таныстым деп қол қойыңыз, сосын мен сізге беремін», - дейді Арынов видеода.
Журналист іс материалын қорғаушысынсыз қарамайтынын, бұл ретте іс материалының көшірмесін қорғаушысынсыз алуға құқылы екенін айтуда.
«Неге полицейлер адамдарды ұстай алады және оның ұсталғандығы туралы ешқандай құжат ұсынбайды», - дейді Глушкова видеода.
Еске салсақ, 21 және 22 наурызда Астана мен Алматыда ондаған адамдар ұсталды. Ұсталғандар арасында – журналистер де бар, оның ішінде Светлана Глушкова да бар. Сонымен қатар, адамдар ұсталған жерде БАҚ қызметкерлеріне жұмыс жасауға кедергі келтірілген, ал азаматтарды ұстаудың өзі полиция тарапынан бұзушылықтармен жүзеге асқан. Еске салсақ, 21 наурызда Астанада полиция әкімдік ғимараты алдында референдум жасамастан елорданы Нұр-Сұлтан деп өзгертуге қатысты өз келіспеушіліктерін білдіргісі келген 20 шақты азаматты ұстаған. Сонымен қатар азаматтардың ұсталуы Алматыда да тіркелген. Беделді халықаралық «Репортеры без грани» ұйымы журналистердің ұсталуына түсінік бере келе, Қазақстан билігінен журналистерді аңдуды тоқтатуды талап еткен. 29 наурызда журналистердің ізіне түсуді доғаруды «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры да талап еткен.
ҚазТАГ ХАА редакциясы 22 наурызда ішкі істер министрінің кеңесшісі – ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораздан түсінік беруін сұрады, ол ведомствоның болған жайтқа кейін түсінік беретінін мәлімдеді, бірақ өз уәдесінде тұрмады.
19 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап мемлекет басшысының өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Келесі президенттік сайлауға дейін Сенаттың экс-спикері Қасым-Жомарт Тоқаев уақытша мемлекет басқарады.


Жаңалықтармен бөлісу: