Астана. 6 маусым. ҚазТАГ – Найзағай жарқылынан Семейдің маңында 200 тоннаға жуық шөп өртенді, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«5 маусымда сағат 19.37-де «101» тетігіне Семей қаласы маңындағы Мұрат ауылының «Нұр» шаруа қожалығының ауласында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. 400 ш.м. алаңдағы 180 тонна шөп өртенген. Өрт сағат 21.23-те сөндірілді. Өрттің алдын-ала себебі – найзағай жарқылы», - деді бейсенбіде ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол атап өткендей, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
«Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД бес бірлік өрт сөндіру техниасы мен жеке құрамдағы 18 адам, «НҚР» ШҚ бір бірік техникасы мен сегіз жұмысшысы жұмылдырылған», - деді Нұрахметов.
Найзағай жарқылынан Семейдің маңында 200 тоннаға жуық шөп өртенді
