Назарбаев 157 адамның өліміне себеп болған ұшақ апатына байланысты Эфиопия президентіне көңіл айтты

Күні: 15:36, 11-03-2019.

Астана. 11 наурыз. ҚазТАГ – Нұрсұлтан Назарбаев 157 адамның өліміне себеп болған ұшақ апатына байланысты Эфиопия президентіне көңіл айтты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Осы қаралы сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Эфиопия халқына көңіл айтамын», - делінген Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Президенті Сахле-Ворк Зеудеге жолданған көңіл айту жеделхатында.
Ақордада атап өткендей, мемлекет басшысы ұшақ апаты салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады..
Еске салсақ, 10 наурызда Дэбрэ-Зэйт қаласынан алыс емес жерде Ethiopian Airlines компаниясының ұшағы апатқа ұшырады, оның бортында 157 адам болған, соның ішінде сегізі экипаж мүшесі болатын. Ұшақ Аддис-Абебадан Найробиге бет алған. Алдын-ала ақпар бойынша, ешкім аман қалмаған. Белгілі болғаны ұшақ бортында 35 мемлекеттің азаматы бар екен, оның 19-ы БҰҰ қызметкері.


Жаңалықтармен бөлісу: