Назарбаев 16-17 қазанда ресми сапарымен Финляндияға барады

Күні: 18:15, 10-10-2018.

Астана. 10 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан Президенті биылғы 16-17 қазанда Финляндия Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Қазақстан Президенті биылғы 16-17 қазанда Финляндия Республикасына ресми сапармен барады. Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі, сондай-ақ Финляндияның іскер топтар өкілдерінің форумына қатысуы жоспарланып отыр», - делінген сәрсенбіде Ақорда сайтында жарияланған хабарда.  
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы биылғы 18-19 қазанда Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласында өтетін «Азия-Еуропа» форумының (АСЕМ) 12-ші саммитіне қатысады.


Жаңалықтармен бөлісу: