Назарбаев 20 қазанда Түркістан облысында Ресей және Өзбекстан басшыларымен кездесті

Күні: 09:17, 22-10-2018.

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – 20 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысы Сарыағаш қаласында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.
«Мемлекеттер басшылары бейресми кездесу барысында елдер арасындағы, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады», - делінген сенбідегі хабарда.
Сонымен қатар, басқосуда Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Өзбекстан Республикасының ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспектілер жөнінде пікір алмасты.


Жаңалықтармен бөлісу: