Назарбаев 2014-2016 жж. арналған республикалық бюджеттің түзетулеріне қол қойды

Күні: 16:50, 10-11-2014.

Астана. 10 қараша. ҚазТАГ – ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев  «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды ресми баспасөз.
Заң мәтіні «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланды.
Бұған дейін хабарланғандай, республикалық бюджет параметрлері макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының түзетіміне байланысты нақтыланған. Республикалық бюджет табыстарының нақтыланған болжамы 2014 жылға трансфертсіз Т3,940 трлн сомасында 2014 жылға арналған бекітілген жоспардан Т460,5 млрд-қа азайтылып берілді, соның ішінде Т460,5 млрд салықтық түсімдер бойынша азайтулар мен Т39,5 млрд салықтық емес түсімдер бойынша ұлғайтулар, Т267 млрд – негізгі капитал саудасының түсімдері бойынша.
Республикалық бюджет шығындары 2014 жылы бюджет түсімдері бойынша нақтыланған болжам және Қазақстан ұлттық қорынан мақсатты трансферт тарту мен тапшылықтың артуы есебінен, бекітілген көлемге қатысты Т65,5 млрд-қа ұлғайып, Т7,190 трлн құрайды.
Ұлттық қордан кепілденген трансферт мөлшері бұрынғы бекітілген Т1,480 млрд деңгейінде сақталды. Одан өзге, ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің бұған дейін қабылдаған шешімдерін ескере отырып, 2014 жылға арналған республикалық бюджет түсімдерінде Т325 млрд сомасында ұлттық қордың қосымша мақсатты трансферттері көрініс тапқан.
Кірістегі күтіліп отырған шығын орнын толтыру мақсатында бюджет тапшылығын 2014 жылы 164,2 млрд теңгеге (1 082,8 млрд теңгеге дейін) немесе ЖІӨ-ге 2,3%-дан 2,6%-ға дейін ұлғайтылды.
Инфляция параметрлері жыл соңына дейін 6-8%-дық болжанған дәлізде сақталды.
«ЖІӨ шынайы өсімі 2014 жылы 104,3% деңгейінде болжанып отыр, бұл осыған дейін болжанған деңгейден 1,7 (пайыздық тармаққа – ҚазТАГ) төмен», - деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ел парламентіндегі құжат таныстырымы кезінде.
Мұнымен қатар жалпы алғанда бірқатар экономикалық көрсеткіштер бойынша төмендеу байқалып отырғаны көрсетілген-ді.
«Өнеркәсіптік өнім көлемі 2,7%-дан 0,8%-ға төмендетілді. Мұнай өндіру көлемі 83 млн жоспарында 81,8 млн тоннаға дейін төмендетілді. 0,4% деңгейіндегі өсім ауыл шаруашылығында болжанып отыр. Құрылыс секторындағы көлемдер өсімі бойынша болжам ұлғаю жағына 4%-ға дейін нақтыланды», - түсіндірген еді министр.
Сондай-ақ, қазақстандық экспорт өнімдеріне деген сұраныстың қысқаруы мен әлемдік нарықтағы мұнай мен металға деген бағаның төмендеуі кезінде тауарлар экспорты $81 млрд құрайды, бұл мақұлданған болжаммен салыстырғанда $5,3 млрд төмен. Тауарлар импорты $48,6 млрд құрайды, бұл осыған дейін мақұлданған болжаммен салыстырғанда $3,6 млрд төмен.


Жаңалықтармен бөлісу: