Назарбаев 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе көбейтуді тапсырды

Астана. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – Алтынай Күмісбек. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны  1,5 есе көбейтуді тапсырды.
«Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды», - деді Н.Назарбаев жұма күні Қазақстан халқына жолдауын таныстыру барысында.  
«Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі.. Олар дәрігерлер, мұғалімдер, құқық қорғау дәне қорғаныс саласының қызметкерлері», - деді ол.
Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек.
«Осыған орай, енді, ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналады. Төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты бұл бастаманы ірі компаниялар қолдайды деп сенемін», - деді мемлекет басшысы.

adimage