Назарбаев 2030 жылға дейін «Нұр Отан» партиясының бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Күні: 18:54, 05-02-2019.

Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2030 жылға дейін «Нұр Отан» партиясының бағдарламасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«(Нұрсұлтан Назарбаев - ҚазТАГ) «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады. (…) Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеуді тапсырды», - делінген сейсенбідегі Ақорда хабарында.
Сонымен қатар, кездесуде мемлекет басшысына партияның биылғы ақпан айының соңында өтетін XVIII съезіне дайындық барысы туралы баяндалды.
Оған қоса, Қазақстан Президентіне партияның 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындылары туралы есеп берілді.


Жаңалықтармен бөлісу: