Назарбаев 5 қарашада ТМД елдерінің қауіпсіздік органдары және арнайы қызметтері басшыларымен кездеседі

Күні: 10:20, 03-11-2014.

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдерінің қауіпсіздік органдары және арнайы қызметтері басшыларымен кездеседі, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«5 қарашада ТМД қатысушы мемлекеттерінің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшыларымен Қазақстан президентінің кездесуі жоспарланған», - делінген Ақорда сайтындағы дүйсенбілік хабарда.
Баспасөз қызметі сондай-ақ 6-7 қарашада Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтетінін еске салады. Сапар аясында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 4-отырысы болады деп күтілуде.


Жаңалықтармен бөлісу: