Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығын беруге дайындалып жатыр

Күні: 10:02, 24-06-2021.

Астана. 24 маусым. ҚазТАГ - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығын беруге дайындалып жатыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі №149 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесінде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Қазақстан Республикасының Президенті: 1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады; 2) Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды; 3) Ассамблеяның басшы лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) Ассамблея сессиясын шақырады; 5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады."; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: "5-1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына өмір бойы Ассамблеяны басқару құқығы тиесілі, одан ол бас тартуға құқылы", - делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығының жобасында.
Қазақстан Үкіметі Жарлықтың осы жобасын Мемлекет басшысының қарауына енгізу туралы Қаулыға қол қойды.


Жаңалықтармен бөлісу: