Назарбаев АӘК көлемін күнкөріс деңгейінің 70% жеткізуді тапсырды

Күні: 17:39, 27-02-2019.

Астана. 27 ақпан. ҚазТАГ – Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін жеткізілсін, деген тапсырма берді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазіргі таңда мемлекеттен АӘК-ті 11 отбасы немесе 572 мың адам алып отыр. Үкіметке аз қамтылған отбасыларды көптеп қамту үшін, әсіресе көпбалалы аналарды, атаулы көмек көрсету криетрийін ең төмегі күнкөріс деңгейінен 70% көтеруді тапсырамын», - деп тапсырма берді Н.Назарбаев сәрсенбі күні «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде.
Сонымен қатар ол көпбалалы отбасылардағы әр балаға шамамен Т21 мың көлемінде жәрдемеқы төленуі керек деді.
«Ал атаулы көмек алу құқығына ие көпбалалы отбасылардың әрбір баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Аталған көмекті тағайындаудың барлық рәсімін барынша жеңілдету, проактивті форматқа өткізу керек. Халық айлап түрлі кабинетті аралап жүрмеу керек», - деп атап өтті мемлекет басшысы..
Бұл ретте ол атап өткендей, «ондай отбасылардың жиынтық табысын есептегенде көп балалы аналар жәрдемақысы, көп балалы отбасы жәрдемақысы, балаларына мүгедектігі үшін берілетін жәрдемақы, шәкіртақы деген секілді басқа әлеуметтік жәрдемақыларды санауды алып тастау қажет.
«Әйтпесе, әлеуметтік қызметтер соның бәрін санағанда көпбалалы отбасылар аз қамтылған емес, ауқатты азаматтар болып шыға келеді, міне осыны ескеру керек», - деді президент.
Оның айтуынша, соның нәтижесінде «АӘК-мен биыл 830 мыңнан астам адам қамтылады, соның ішінде 550 мыңы бала».
«Сонымен қатар, мүгедек балаларды бағып отырған ата-аналардың, қамқоршылар мен отбасылардың жәрдемақысын 30%-ға көтеруге тапсырамын. Біз есептегендей, бұл 100 мың адамды қамтымақ. Аталмыш шараларды жүзеге асыруға 2019-2021 жылдарға қосымша 300 млрд теңге бөлуді тапсырамын», - деді Н. Назарбаев.


Жаңалықтармен бөлісу: