Назарбаев ақпарат және коммуникация министрлігін қайта ұйымдастырды

Күні: 17:36, 25-02-2019.

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникация министрлігін қайта ұйымдастырды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникация министрлігі қайта ұйымдастырылсын», - делінген дүйсенбідегі президент жарлығында.
Сондай-ақ, Назарбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, оған Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен байланыс, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қайта құру жолымен қайта ұйымдастыруды қаулы етті.
«Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар, берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес, таратылатын және қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып белгіленсін», - делінген құжатта.
Қазақстан Республикасының үкіметіне Қазақстан Республикасының Әкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын және таратылатын мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлу тапсырылды.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: мына: «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі; Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі;» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі; Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;»; «Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі» деген жол алып тасталсын», - делінген жарлықта.
Құжат қолданысқа енгізілді.


Жаңалықтармен бөлісу: