Назарбаевқа Сәтпаев ат. ҚазҰЗТУ ғылыми-зерттеушілік қызметінің нәтижесі туралы баяндалды

Күні: 19:19, 05-02-2019.

Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Сәтпаев ат. Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің ғылыми-зерттеушілік қызметінің нәтижесі туралы (ҚазҰЗТУ) баяндалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«(Н. Назарбаев – ҚазТАГ) Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан Президентіне университеттің даму перспективалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жөнінде мәлімет берілді», - делінген сейсенбідегі Ақорда хабарында.
Нұрсұлтан Назарбаев оқу орнының отандық білім беру жүйесінде ерекше орын алатынын атап өтіп, индустрияландыру бағдарламасының талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандар даярлаудың маңыздылығын айтты.
«Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университет – инженер маман даярлайтын ең ірі оқу орындарының бірі. Біз оны дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрін жасап келеміз. Университетке дербестік берілген. Сонымен қатар, бұл оқу ордасы зерттеу университетіне айналды», - деді Қазақстан президенті.
Өз кезегінде, Е.Бейсембетов қолданбалы жобаларды жүзеге асыру үшін қабылданып жатқан шараларды, сондай-ақ әлемдік үрдістерді ескере отырып, білім беру сапасын арттыру үшін атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.


Жаңалықтармен бөлісу: