Алматы. 29 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Президентінің былтырғы желтоқсан айында Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді. Облыс әкімі Елбасыға негізгі әлеуметтік маңызы бар нысандардың, соның ішінде облыс әкімдігі, басқармалар мен аумақтық департаменттер ғимараттарының, сондай-ақ 1 200 мың шаршы метрді қамтитын тұрғын үй құрылысының барысы туралы баяндады», - делінген хабарда.
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының іскерлік орталығын салудың және абаттандырудың қазіргі қарқынын сақтау қажет екенін айтып, бірқатар нақты тапсырма берді.
Назарбаевқа Түркістандағы әлеуметтік маңызды нысандардың құрылысы туралы баяндады
