Астана. 3 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев академик Серік Қирабаевты қабылдады, деп хабарлады Елбасы баспасөз қызметінен.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев академик Серік Қирабаевты қабылдады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен белгілі әдебиеттанушы-ғалым Серік Қирабаев төл әдебиетіміздің қазіргі жағдайы мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ, білім және ғылым саласының өзекті мәселелеріне тоқталды», - делінген жұмадағы хабаода.
Хабарда атап өтілгендей, әңгімелесу барысында Серік Қирабаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Президенті өкілеттігін тоқтату туралы маңызды шешім қабылдағанын атап өтіп, Елбасының алдағы қызметіне табыс тіледі.
Назарбаев академик Қирабаевпен кездесті
