Астана. 9 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әл-Азһардың Бас имамы Шейх Ахмад ат-Тайебпен кездесті, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.
«Нұрсұлтан Назарбаев Бас имамға ілтипат білдіріп, мұндай жоғары деңгейдегі қонақтардың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысуының Қазақстан үшін маңызы зор екенін атап өтті», - делінген сейсенбідегі Ақорда сайтындағы хабарда.
«Бізді Әл-Азһар университетімен ертеден орнаған қарым-қатынастар байланыстырады әрі оның ғалымдарының еңбектерімен таныспыз. Сіздің съезге қатысуыңыз ортақ ісімізге қосылған зор үлес болатынына сенімдімін», - деді Н.Назарбаев.
Өз кезегінде Шейх Ахмад ат-Тайеб форумға шақырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді..
«Менің Қазақстанға алғаш сапармен келген кезімнен бері Астана қатты өзгерген. Мұнда көптеген әдемі ғимараттар бой көтеріпті», - деді діни қайраткер.
Кездесу барысында тараптар конфессияаралық диалогтың өзекті мәселелері мен оны әрі қарай дамыту перспективаларын талқылады.
Қатысты сілтемелер
-
Әл-Хусейния сарайында Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
19 Ақпан 2025, 17:15 -
Тоқаев Әл-Хусейния сарайына келді
19 Ақпан 2025, 17:00