Назарбаев Алматыда жүр

Алматы. 26 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанның бірінші президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда жүр, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Бортында бірінші президент бар ұшақ Алматы халықаралық әуежайына келіп қонды. Ұшақтан түскен бетінде Елбасыны оның есімін мәнерлеп айтқан студенттер тобы қарсы алды. Тиісті бейнероликтер әлеуметтік желілерде тарап кетті.
Ресми дерек көздері Назарбаевтың Алматыға келудегі мақсатын әзірге айтқан жоқ.

adimage