Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ояк Холдинг» компаниясының бас атқарушы директоры Сүлеймен Эрдеммен кездесті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Кездесу барысында тараптар экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады», - делінген хабарда.
«Ояк Холдинг» компаниясының бас атқарушы директоры компанияның жұмысы жөнінде кеңінен әңгімелеп, Қазақстанда бизнесін дамытуға мүдделілік танытты.
Назарбаев Анкарада экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады
