Астана. 6 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы Қарағанды қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Қазақстан Президенті бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму жоспарымен танысады», - делінген бейсенбідегі Ақорда хабарында.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік және мәдени нысандарда болып, Қарағанды облысын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізеді.
Назарбаев Қарағандыға келді
