Назарбаев Астананың инфрақұрылым нысандарының құрылысы қалай жүріп жатқанын тексерді

Күні: 19:02, 14-11-2018.

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан Республкиасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, делінген мемлекет басшысының сайтындағы хабарда.  
«Қазақстан Президентіне елорданың сәулет және қала құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен алдағы жоспарлар жөнінде мәлімет берілді. Мемлекет басшысы қаланың инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени нысандарын салу үдерісімен егжей-тегжейлі танысты»,- делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: