Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз әріптесі Алмазбек Атамбаевқа І дәрежелі «Достық» орденін табыстады.
«Біз президенттік мерзіміңізден бергі Сіздің алғашқы мемлекеттік сапарыңызды шын жүректен қарсы аламыз. Сондықтан мен біздің елдер арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға қомақты үлесін қосқаныңыз үшін Сізді шетелдік көшбасшыларға арналған Қазақстан «Достығы» орденімен марапаттау туралы өкімге қол қойдым», - деді Н. Назарбаев жұма күні Қырғызстан мен Қазақстанның жоғары мемлекетаралық кеңесінің IV отырысында.
«Біз Қазақстан мен Қырғызстан – рух, тарих, мәдениет, тіл, діл және дін жағынан өте жақын халықтар деп санаймыз. Және бізге бірге болу, көрші болу жазылған», - деп толықтырды ол.
Назарбаевтың айтуынша, бүгін сыртқы саяси іс-қимылдарды, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, кеңейту бойынша міндеттер шеңберін үйлестіру жөніндегі мәселелер талқыланады, сондай-ақ елдер арасындағы өзара іс-қимылдың келешекті бағыттары жасап шығарылатын болады.
«Осы жылдар бойы кеңес маңызды саяси шешімдерді қабылдауға және біздің шаруашылық жүргізуші субъектілеріміздің арасында туындап отыратын проблемаларды шешуге жәрдемдесетін жоғары орган ретінде өзінің белсенділігін көрсете білді. Қазақстан мен Қырғызстан әртүрлі халықаралық ұйымдарда, интеграциялық бірлестіктерде өзара келісім қимылдайды, қазіргі заманның қатерлеріне, терроризм мен экстремизмнің қауіптеріне иық түйістіре отырып қарсы тұрады», - деп жалғастырды сөзін Қазақстан президенті.
Ол 2012 жылы Бішкекте өткен соңғы отырыстан бері сан алуан көп оқиғалардың орын алғанын атап өтті. Және елдер арасындағы екіжақты сауда қатынастары қарқынды траекториямен дамып келеді.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда тау арасында жоғалып кеткен алматылық тик-токер табылды8 Маусым 2023, 19:33
-
Павлодарда алаяққа сенген зейнеткер 30 мың долларынан айырылды8 Маусым 2023, 19:27
-
Мемлекет басшысы ЕҚДБ президентімен кездесу өткізді8 Маусым 2023, 19:23
-
Тоқаев Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты8 Маусым 2023, 10:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде тұрақсыз ауа райы күтіледі8 Маусым 2023, 10:03