Назарбаев Ауғанстанның бұрынғы президентімен өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

Күні: 18:46, 13-11-2018.

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзаймен өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қзметінен.  
«Мемлекет басшысы Астана клубының отырысы аяқталғаннан кейін Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті. Әңгімелесу барысында бүгінгі жиында көтерілген бастамаларға орай өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды», - деп хабарлады сейсенбіде Ақордадан.  
Атап айтқанда, ауған еліндегі қақтығыстарда тараптардың мәмілеге келу проблемасына баса мән берілді.


Жаңалықтармен бөлісу: