Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі мен «Нұр Отан» партиясының басшысы қызметінде қалады

Күні: 19:31, 19-03-2019.

Астана. 19 наурыз. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы өкілеттігінен кететінін мәлімдеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі мен «Нұр Отан» партиясының басшысы қызметінде қалады.
«Осындай қолдаудың арқасында мен бар күшімді, энергиямды, денсаулығымды аямай қызмет еттім. Бәріңізге белгілі, заңымызға сәйкес маған тұңғыш президент, Елбасы мәртебесі берілген. «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Конституциялық кеңес мүшесі, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қаламын, яғни сіздермен бірге боламын. Өмірімнің соңына дейін сіздермен бірге боламын, сіздерге қызмет етемін», - деді Назарбаев Қазақстан халқына мәлімдемесінде.


Жаңалықтармен бөлісу: