Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы бүгін өтетін ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін 27 қыркүйекте Душанбе қаласына келді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Президенті Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді. Кездесуде тараптар екі жақты қатынастардың қазіргі мәселелерін және экономиканың түрлі секторларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады», - делінген бейсенбіде Ақорда сайтындағы хабарда.
«Елдеріміз арасында өзара сенімге негізделген қарым-қатынас орнады. Біз Тәжікстанға әрдайым көмек көрсетіп, қолдау білдірдік. Бүгінде осы ынтымақтастығымызды тереңдетіп, өзара сауда-саттықты ілгерілетуді көздеп отырмыз», - деді Н. Назарбаевтың баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту және интеграциялық үдерістерді кеңейту үшін шаралар қабылдаудың маңызды екеніне назар аударды.
Тәжікстан Президенті екі ел арасында қалыптасқан қатынастардың стратегиялық сипаты туралы айтты.
«Қазақстан – Тәжікстанның негізгі стратегиялық және экономикалық әріптестерінің бірі. Біздің сауда-экономикалық қатынастарымыз кеңейіп келеді», - деді Қазақстанға экономикалық және саяси қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқан Э.Рахмон.
Назарбаев Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынстың сенімді сипатын атап өтті
