Назарбаев Қазақстанда әкелер институтын дамытудың маңыздылығын атап өтті

Күні: 18:55, 23-01-2019.

Алматы. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жас отбасыларды, денсаулық және әлеуметтік инклюзивтілікті қолдау саласындағы өзгерістердің маңыздылығына тоқталды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Жастарды отбасылық өмірдің жаңа әлеуметтік рөлдері мен шындығына дайындау керек. Мұны орта мектептің жоғары сыныптарында бастаған жөн. Аналар институтын қолдаумен бірге, әкелер институтын да дамыту керек. Жас бозбалалардың бойына өз отбасылары үшін жауапкершілік сезімін дарытқан дұрыс», - деп атап өтті Н.Назарбаев.
Бұл ретте Қазақстан президенті отбасылық қарым-қатынастың барлық аспектілері бойынша психологиялық және консультативтік көмекке қол жетімlілікті қамтамасыз ету керектігін мәлімдеді.
«Отбасылардың ажырасуы біздің үлкен алаңдаушылығымызды тудырып отыр. Ғалымдар, қоғамшылдар, бұқаралық ақпарат құралдары осыған баса назар аударулары керек», - деді Н.Назарбаев


Жаңалықтармен бөлісу: