Назарбаев Қазақстанды нашар басқарған жағдайда шенеуніктерді қызметтерінен босатамын деді

Күні: 17:22, 05-10-2018.

Астана. 5 қазан. ҚазТАГ – Баубек Қыров. Қазақстан президенті Нұрсұлтан назарбаев ҚР-ды нашар басқарған жағдайда шенеуніктерді қызметтерінен босатамын деп қорқытты.  
«Кезінде Сингапур бүкіл әлем бойынша  Жапонияда зенетке шыққандарды іздеді, өзіне шақырып, басқаруды берді. Ал бізде  Air Astana кім басқарып отыр? Ағылшындық.   Назарбаев Университетін кім басқарып отыр? Жапондық. Қараңыздар. Егер дұрыс жұмыс жасамайтын болсаңыздар, мен сіздердің орындарыңызға барлығын сол жақтан шақырамын», - деп мәлімдеді  жұма күні халыққа жолдауын арнаған Н. Назарбаев.  
Ол бүгінде Қазақстанда икемді, ыңғайлы стандарттарды енгізу, ауыл шаруашылығы саласына табысты шетелдік мамандарды шақыру арқылы салаларды басқарудың үздік тәжірибесін қолдану керектігін атап өтті.  
«Олар экономиканы жақсартады. Бұл тәжірибе бүгінде барлығына мәлім, интернет барлығына қол жетімді, осыны меңгеріп, бізде де енгізіңіз. Қандай мәселе бар? Оларды шақырыңыз. Жалақыларын төлеңіз», - деді Н. Назарбаев.


Жаңалықтармен бөлісу: