Назарбаев қазақстандық шенеуніктерді министрлер мен әкімдердің «отыруларынан» қорытынды шығаруға шақырды

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Нүргүл Жігер. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық шенеуніктерді министрлер мен әкімдердің жемқорлық қылмыстары үшін қамалып, абақты мерзімдерін алуларынан қорытынды шығаруға шақырды.
«Жұмыс атқару керек, және ол көз алдарыңызда жасалуда. Жемқорлықпен қатаң күрес жүріп жатыр, облыс әкімдері, министрлер мен олардың орынбасарлары жауапқа тартылған. Барлық деңгейде. Сондықтан қорытынды шығару керек», - деді Н. Назарбаев.
Ол ҚР-дағы мемқызметкерлердің жалақысы артуда, ол үшін «барлық жағдай жасалған». Мұнымен қатар осының өзінде 2015 жылға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша партиялық бағдарлама жобасы дайындалып қойған.
«Біз (жемқорлықпен күрес бойынша – ҚазТАГ) жұмысты қатайтамыз», - деп атап өтті президент.

adimage