Назарбаев қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға Ұлттық қордан ақша бөлуді тапсырды

Күні: 13:02, 27-02-2019.

Астана. 27 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға Ұлттық қордан ақша бөлуді тапсырды.
«Ағымдағы жылы әлеуметтік салаға республикалық бюджет шығындарының 45% астамы жұмсалады. Сонымен қатар бізде нақты бір сәйкес келмеушіліктер мен бірқатар мәселелер бар. соған байланысты мен азаматтардыңөмір сүру сапасы мен әл-ауқатын көтеруге қаржы бөлу туралы шешім қабылдадым. Үкімет бұл шығындарды дұрыс бөлуі керек, бөлінген қаржы өз иесіне жетуі тиіс, және осыны дұрыс және уақытылы әкімшілендіру керек», - деді Назарбаев сәрсенбіде «Нұр Отан» партиясының съезі барысында.
«Біздің басты басымдығымыз – бұл халықтың өмір деңгейін қамтамасыз ету және Қазақстанды әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде дамыту. Тіпті осы тарихи жылдардағы қиын кезеңнің өзінде біз үнемі халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындап келеміз. Елде әлеуметтік шығындар деңгейі әркез жоғары болды. Ары қарай арта бермек», - деп атап өтті президент.


Жаңалықтармен бөлісу: