Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – 13 қараша күні Қазақстан президенті Н.Назарбаев антиядролық бастамаларға арналған көрмені аралады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы Қазақстанның антиядролық бастамаларына және ядролық қарусыздану үдерісіне арналған көрмені аралап көрді. Қазақстан Президенті көрмеге қойылған экспонаттармен танысып, экскурсияда жүрген Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттерімен әңгімелесті. Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы өзінің студенттік шағынан сыр шертетін естеліктер айтты»,- делінген хабарда.
Назарбаев Қазақстанның антиядролық бастамаларға арналған көрмесін аралады
