Назарбаев Қазақстанның инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту үшін «Құтты мекен» жобасын бастауды тапсырды

Астана. 27 ақпан. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту үшін «Құтты мекен» жобасын бастауды тапсырды.
«Нұр Отан» елдегі инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін «Құтты мекен» партиялық жобасын іске асыруы керек», - деп мәлімдеді Н. Назарбаев сәрсенбі күні «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі барысында.
Ол атап өткендей, «еліміздің барлық тұрғынының таза ауыз сумен қамтылуы және кеңінен көгілдір отынды тарту негізгі мақсат болып табылады».
«Сумен жабдықтау мен су тартуға қосымша Т140 млрд бөлуді тапсырамын. Бұл осы саладағы 2,2 млн астам адамның проблемасын шешуге көмектеседі. Сонымен қатар газ тарту мен электр тоғымен қамтуға қосымша шамамен Т190 млрд бөлуді тапсырамын. Бұл шаралар 1,1 млн. адамды көгілдір отынмен қамтуға, сондай-ақ өңірлік электр жабдығының сенімділігін арттыруға көмектеседі. Үкіметке осы мақсаттар үшін 2019-2021 жылдарға Т920 млрд. қарастыруды тапсырамын», - деді Н. Назарбаев.

adimage