Назарбаев Қазақстанның сыртқы барлау қызметінің негізгі басымдықтарын атап берді

Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның сыртқы барлау қызметінің негізгі басымдықтарын атап берді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің басшылық құрамымен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы барлау қызметінің ұжымына жаңа директор Исатай Бақтиярұлы Сартаевты және директордың бірінші орынбасары Нұрлан Оразұлы Оразовты таныстырды. (…). Кездесу соңында Қазақстан Президенті жаңа басшылыққа сыртқы барлау қызметі жұмысының негізгі басымдықтары туралы айтып, бірқатар нақты тапсырма берді», - делінген бейсенбідегі Ақорда хабарында.  
Хабарда атап өтілгендей, қолданыстағы заңнамаға сәйкес И.Сартаев ант қабылдады.  
Бұған дейін хабарланғандай, мемлекет басшысы И.Сартаевты ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры етіп тағайындады.  
Сондай-ақ, мемлекет басшысының жарлығымен Н.Оразов ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

adimage