Назарбаев «Азия-Еуропа» форумының саммитіне қатысу үшін Миланға келді

Күні: 17:24, 16-10-2014.

Астана. 16 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан Президенті «Азия-Еуропа» форумының 10-саммитіне қатысу үшін Милан қаласына келді, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.  

«Қазақстан Президенті «Азия-Еуропа» форумының 10-саммитіне қатысу үшін Милан қаласына келді. Іс-шара аясында бірқатар екіжақты кездесулер де жоспарланып отыр», - делінген бейсенбіде  Ақорда сайтындағы хабарда.  

Басты тақырыбы «Орныкты даму жане қауіпсіздікті нығайту жолындагы жауапты серіктестік» деп аталған  форум жұмысына шамамен 50 елдің үкімет және мемлекет басшылары қатысады.  

Қазақстан аталмыш форум мүшесі мәртебесіне ие болған Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет.

Asia-Europe meeting (ASEM) – әлемдік сауда мен әлемдік ішкі өнімнің жартысынан көбі тиесілі Шығыс Азия мен Еуропа елдерін біріктіретін халықаралық ұйым.  Форумның басты мақсаты – саясат, қауіпсіздік, қаржылық-экономикалық, әлеуметтік-мәдени және көлік саласында қатысушы-елдердің ынтымақтастығын дамыту.      ASEM саммиттері екі жылда бір рет өткізіледі.  


Жаңалықтармен бөлісу: