Назарбаев бұрынғы қаржы полициясының өкілеттілігін бөлгенді «пайдалы» деп атады

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ - Оксана Скибан. ҚП президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы қаржы полициясының өкілеттілігін жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттік пен қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті арасында бөлгенді «пайдалы» деп атады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Барлық қаржылық мәселелер қаржы министрлігінде осы агенттікте (ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті – ҚазТАГ) шоғырланды: салықтар да, кеден де, экономикалық қылмыс мәселелерін тексеру де. Қаржы полициясы екіге бөлінген. Бұрын олар бір кеңседе болатын. Біреуі біреуіне көмектесетін. Енді барлық экономикалық мәселелер сонда. Жемқорлық жеке ведомствода қалды, яғни жемқорлыққа қарсы күрес осы салықшыларды қадағалайтын болады», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында
Мемлекет басшысы «бұрын ондай болмағанын» атап кетті.
«Сондықтан бұл өте маңызды өзгерістер, және мен оны пайдалы болады деп ойлаймын», - деді Н. Назарбаев.

adimage