Назарбаев балабақшалардағы орын тапшылығын жоюға Т20 млрд бағыттауды тапсырды

Күні: 13:43, 11-11-2014.

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үш жыл ішінде балабақшалардағы орын тапшылығын жоюға Т20 млрд бөлуді тапсырды.
«Басқа бір мәселе – балалар бақшасының жетіспеушілігі. Үш жыл ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын түбегейлі азайтуға Т20 млрд бағыттауды тапсырамын», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні өзінің Қазақстан халқына жолдауында.
Сонымен қатар ол бұл мәселені шешуге жеке бизнес те белсенді қатысу тиіс екенін баса айтты.
«Бірақ бұл мәселеде мемлекеттік ақшаны жұмсаумен әуестеніп кетудің керегі жоқ, жеке бизнес араласуы тиіс, оларды қызықтыру керек. Әкімдер жеке секторды максимум тартумен айналысуы тиіс», - деп толықтырды ол.


Жаңалықтармен бөлісу: