Назарбаев Байжановқа ҚР ҚК туралы жаңа заң тиімді жұмыс жасау үшін нормативті-құқықтық базаны егжей-тегжейлі зерттеуді тапсырды

Күні: 18:43, 26-09-2018.

Астана. 26 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы  Ғабит Байжановқа ҚР ҚК туралы жаңа заң тиімді жұмыс жасау үшін  нормативті-құықтық базаны егжей-тегжейді зерттеуді тапсырды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа заң Кеңестің өкілеттігін мейлінше кеңейтеді. Осыған байланысты нормативтік құқықтық базаны, соның ішінде құқық қорғау және арнайы қызмет органдарының жұмысын реттейтін құжаттарды егжей-тегжейлі зерттеу қажет», - деді Қазақстан президенті сәрсенбі күні Г.Байжановамен кездесуде.  
сонымен қатар, Кездесу барысында Мемлекет Басшысы Қауіпсіздік кеңесінің ұлттық қауіпсіздікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіруді жүзеге асыратын арнайы орган екенін атап өтті.
Өз кезегінде, Ғ.Байжанов Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысын өткізуге дайындық барысы жөнінде мәлімдеді.
«Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің алдағы жұмыстары жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді», - делінген Ақорда хабарында.


Жаңалықтармен бөлісу: