Назарбаев Бейжіңде БАҚ сұрақтарына жауап берді

Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңде бұқаралық ақпарат құралдарының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қытай Халық Республикасына сапары барысында «Синьхуа» ақпарат агенттігі, «CCTV» телеарнасы, «Жэньмин Жибао» газеті, Қытайдың орталық радиосы, «China News Service» ақпарат агенттігі, «Хуанцю шибао» басылымы сияқты Қытайдың ресми БАҚ өкілдеріне сұхбат берді», - делінген жұмадағы хабарда.
Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» бастамасын одан әрі жүзеге асыру перспективаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, «Нұрлы жер» және «Жібек жолының Экономикалық белдеуі» бағдарламаларын ұштастыру нәтижелері туралы әңгімеледі.

adimage