Назарбаев Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» форумына қатысуда

Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» форумына қатысуда, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
«Осы сәттерде Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың ІІ форумының салтанатты ашылу рәсімі өтуде. Форумның салтанатты ашылу рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путиннен кейін үшінші болып сөз сөйледі», - деп хабарлады жұма күні ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 22 сәуірде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуымен Бейжіңде өтетін «Бір белдеу, бір жол» форумына қатысатыны хабарланған еді. Форумда ортақ жұмыстың нәтижелері мен болашағы талқыланатын болады, сонымен қатар Назарбаевтың ҚХР төрағасымен келіссөздері өтеді деп күтілуде.
«Бір белдеу, бір жол» форумы 25-27 сәуірде Бейжіңде өтеді.

adimage