Назарбаев бірқатар қазақстандықты мемнаградамен марапаттады

Астана. 14 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар қазақстандықты мемлекеттік наградамен наградтады, делінген мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы» жарлығында.
«Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі –
Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Бәйменова Құралай Базарбайқызы - «Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ төрайымы, Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлы - «Шәушен» ШҚ басшысы, Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы, Соловьева Алина Робертовна - «А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі, Шымкент қаласы»,- делінген жұма күні Ақорда сайтында жарияланған құжатта.

Аталмыш жарлық қол қойылғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

adimage