Назарбаев биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды қорытындылады

Астана. 27 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды қорытындылады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды қорытындылап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері туралы әңгімелеп, жаңғыру жөніндегі реформалар мен бағдарламаларды іске асыруды одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті», - делінген бейсенбідегі Ақорда хабарында.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы басты жетістіктері туралы айтып, жақында болған кадрлық өзгерістерге байланысты түсініктеме берді, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталды.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми емес сұрақтар да қойылды.
«Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы 2018 жылғы 28 желтоқсанда республикалық телеарналардан көрсетіледі», - делінген хабарда.

adimage