Назарбаев дәрі-дәрмек айналысы мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

Күні: 12:51, 08-01-2019.

Астана. 8 қаңтар. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы халықты дәрілік қамту жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Аталыш заң ҚР президентінің Қазақстан халқына жолдауына сәйкес әзірленген. Оның негізгі мақсаты дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін, қол жетімділігін қамту, дәрі-дәрмектерді тиімді пайдалану, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу жоспары жүйесін жетілдіру.
Заң арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың шекті бағасын бекіту арқылы барлық дәрі-дәрмектер бағасын реттеуді енгізу қарастырылуда.


Жаңалықтармен бөлісу: