Астана. 29 қазан. ҚазТАГ – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты Дилма Руссеффке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан мен Бразилияның арасындағы достыққа негізделген өзара тиімді ынтымақтастық бұдан әрі де екі мемлекет халықтарының игілігі үшін дами беретіндігіне сенімдімін», - делінген сәрсенбіде Ақорда сайтында жарияланған жеделхат мәтінінде.
Мемлекет басшысы құттықтауында бұл жеңіс Д.Руссеффтің қоғамдағы беделінің, сондай-ақ Бразилияны әлеуметтік-экономикалық дамытуды және оның халықаралық аренадағы орнын нығайтуды көздеген саясатын қолдаудың жарқын дәлелі екенін атап өткен.
Соңында Қазақстан Президенті Д.Руссеффке мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, жауапты қызметінде табыс, ал достас Бразилия халқына татулық пен бақ-береке тіледі.
Бұған дейін хабарланғандай, Бразилиядағы президент сайлауының екінші туры қазіргі мемлекет басшысының жеңісімен аяқталды. Еңбекшілер партиясының үміткері Дилма Руссефф өз қарсыласы Эсио Невестен бірнеше пайыз ғана алға шықты. Дилма Руссефф үшін сайлаушылардың 51%-ы дауыс берсе, Эсио Невес 48% дауыс жинады.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанның СІМ Қытаймен визасыз режим екі-үш айда күшіне енеді деп күтуде29 Мамыр 2023, 19:31
-
Туған қыздарын зорлады деген күдікпен ер адам Алматы облысында қамауға алынды29 Мамыр 2023, 19:20