Назарбаев діндер көшбасшыларының съезі барысында антирадикалдық ағартудың ақпараттық порталын құруды ұсынды

Күні: 14:01, 10-10-2018.

Астана. 10 қазан. ҚазТАГ – Алтынай Күмісбек. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі барысында антирадикалдық ағартудың ақпараттық порталын құруды ұсынды.
«Біз жаһандық деңгейде бейбітшілік пен келісім идеяларын бірге ілгерілету үшін жаңа технологиялардың барлық басымдықтарын пайдалануға тиіспіз. Бұл үшін біздің съезд базасында ақпараттық портал құру болжанып отыр. Порталдың міндеті діни радикализмнің кез  келген көріністеріне және толықтай алғанда зорлық-зомбылыққа орнықтылықты нығайту әдістерін зерделеуге және қолдануға көмектесу болуы қажет», - деді Н.Назарбаев сәрсенбіде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI Съезінде.  
Президенттің айтуынша, портал Жаһандық  форматта діндар адамдар аудиториясымен жұмыс істеу үшін алаң бола алады. Әрбір діндар адам діни ұйымдардың, конфессиялық ағымдардың көшбасшыларына сұрақ қойып немесе ұсыныспен жүгініп, кері байланыс ала алады.  


Жаңалықтармен бөлісу: