Назарбаев Джеки Чанмен кездесті

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі қытайлық актер Джеки Чанмен кездесті, деп хабарлады Елбасы баспасөз қызметінен.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Джеки Чанмен кездесті. Кездесуге, сондай-ақ, әйгілі Қытай актерінің әріптестері мен шығармашылық ұжымының мүшелері қатысты», - делінген жексенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Джеки Чанның әлемдік кинематографиядағы маңызды рөлін атап өтті.
«Өзіңіздей танымал тұлғамен жүздескеніме қуаныштымын. Сізді бүкіл әлем біледі», – деді Назарбаев.
Қытай актері алдағы шығармашылық жоспары және киноиндустрия саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары туралы ой бөлісті.

adimage