Назарбаев Екібастұздан Өскеменге және Семейден Алматыға ЭТЖ салуды тапсырды

Күні: 15:24, 11-11-2014.

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ - Асхат Ахметбеков. Қазақстан Екібастұз-Семей-Өскемен және  Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы бағытында жоғарғы вольттық электр тасымалдау желісі (ЭТЖ) құрылысын салуы керек, деп мәлім етті елбасы Н. Назарбаев.
«Энергетика саласында өткен бес жылда индустриалдау бағдарламасы аясында үлкен жұмыс атқарылды. Дегенмен, магистарлық желілердің шектеулігі еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, табиғи газдың – орталық және шығыс облыстардағы тапшылығын тудырып отыр. Біз бұл жерде екі бағытта шоғырлануымыз керек. Екібастұз-Семей-Өскемен және  Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы бағытында жоғарғы вольттық электр тасымалдау желісі құрылысын салуы керек», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні Қазақстан халқына арнаған жолдауында.
Оның айтуынша, «Алматы облысы әр кез тапшылық сезініп, апаттық жағдайда жұмыс істейтін, себебі электр желісі шеңбермен тұйықталмаған болатын».
«Қазір біз ол мәселені шешуіміз керек. Облыс шекара маңында – ол осы өңірдің экономикасының дамуына қуатты серпін береді. Бұл қазақстандық электр стансалары еліміздің барлық өңірін энергиямен теңгермелі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап көрсетті елбасы.


Жаңалықтармен бөлісу: