Назарбаев Индонезия президентіне Джакартада ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ – Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға Lion Air әуекомпаниясының жолаушылар ұшағының Джакартада апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады», - делінген дүйсенбіде Ақорда сайтындағы хабарда.
Мемлекет басшысы «Lion Air» әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Индонезия халқына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін», – делінген жеделхатта.
Еске салсақ, Boeing 737 MAX 8 ұшағы Джакарта әуежйаныан ұшқаннан кейні 13 минуттан соң апатқа ұшырады.  ұшақ сынықтары мен жолаушлырадығң жеке заттары Ява аралының жағалауныа жақын жерде Ява теңізінен табылды. Ұшақ Панкалпинг қаласына (Бангка-Белитунг провинциясының әкімшілік орталығы) JT610 рейсін орындаған еді.  
Соңғы ақпарға сәйкес, бортта 188 адам болған, соның ішінде жеті экипаж мүшесі бар.  
Lion Air әуекомпаниясы Индонезияның ауқымды бюджеттік тасымалдаушысы болып табылады.  

adimage