Назарбаев Иордания королімен телефон арқылы сөйлесті

Күні: 19:40, 02-04-2019.

Астана. 2 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі ІІ Абдалламен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі ІІ Абдалламен телефон арқылы сөйлесті. Иордания Королі ІІ Абдалла Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне қолдау білдіріп, бұл хабарды бүкіл әлем зор түсіністікпен қабылдағанын атап өтті», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Ақордада атап өткендей, ІІ Абдалла Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке достығын жоғары бағалайтынын айтып, Елбасының Қазақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру және дамыту ісіндегі тарихи рөліне тоқталды.
«Иордания Королі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасыға мықты денсаулық және алдағы қызметіне табыс тіледі. Нұрсұлтан Назарбаев пен ІІ Абдалла алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты», - деді Ақордадан.


Жаңалықтармен бөлісу: