Назарбаев Ирандағы жаңа елшіні тағайындады

Күні: 15:33, 10-01-2019.

Астана. 10 қаңтар. ҚазТАГ – Асхат Оразбай Қазақстанның Ирандағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды», - деп хабарлады бейсенбіде Ақордадан.
А. Оразбай 2012 жылдан бастап Индонезияда, 2015 жылдан бастап Филиппинде елші болған. Оған дейін 2008-2012 жылдар аралығында Қазақстанның Түркіменстандағы елшісі қызметін атқарған.
Еске салсақ, 2011-2018 жылдар аралығында Қазақстанның Ирандағы елшісі болған Бағдад Амреев 2018 жылдың 3 қыркүйегінен бастап Түркі кеңесінің бас хатшысы қызметіне ауысты.


Жаңалықтармен бөлісу: